Оқушылар “Don’t litter, it makes the world bitter” эко-акциясын өткізді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эко клубының қатысушылары Сабина Ералиева, Айша Айболатова, Айғаным Сағындық 7-8 сынып оқушылары арасында “Don’t litter, it makes the world bitter” эко-акциясын өткізді. Эко-акцияның негізгі мақсаты жасөспірімдерді табиғатты аялауға тәрбиелеп, экологиялық еріктілікті арттыру болды. Акция аясында оқушылар Орбита шағын ауданындағы аумақты тазалады. Келешекте оқушылар тек тазалық акциясын ғана емес, сонымен қатар […]


Қарағандылық NIS базасында АШК лигасы өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында АШК (Б.Касимовтың шахмат академиясы) лигасының үшінші кезеңі өтті. Жарысқа NIS, БИЛ, Нұрмақов мектебі оқушыларынан құралған командалар, сонымен қатар АШК құрамасы қатысты. Жарыс қорытындысы келесідей болды: І орын – АШК құрамасы ІІ орын – Қарағандылық NIS командасы ІІІ орын – Нұрмақов мектебі командасы


Ұлы жылдарға тағзым етейік!

9 мамыр қарсаңында Қарағанды ​​қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен ата-аналар қауымы Шахтинск қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қарттарын құттықтап, мерекелік дастарханға арналған тәтті-дәмділерді тарту етті. Сонымен қатар «Мейірім көпір» еріктілер клубының әлеуметтік зерттеу жобасының нәтижесі саналатын «Отты жылдар ізі – отбасымда» жинағының жаңа толықтырылған басылымы дайындалды. Дәстүрге айналған жоба бойынша жұмыстар 2014 жылдан […]


Қарағандылық зияткерлер Жас пікірсайысшылардың ұлттық чемпионатынан жүлделі оралды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Әділет Айтжан мен Жансая Жұмажан пікірсайыстан оқушылар арасында өткен ұлттық чемпионат – National Championship for Young Debaters-те үшінші орынға ие болды. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 38 команда қатысып, финалға үш команда өтті. Бұл чемпионат International Competition for Young Debaters халықаралық чемпионатының іріктеу кезеңі саналады. Турнир Кембридж университетіндегі Cambridge Union […]


«Инсульт алған адамдарды оңалту бойынша тездетілген курс» әлеуметтік жобасы мәресіне жетті

Stroke Rec AR интерактивті қосымшасы арқылы инсульт алған адамдарды сауықтыру бағдарламасы негізінде жасалған «Инсульт алған пациенттерді оңалту бойынша тездетілген курс» әлеуметтік жобасы мәреге жетті. Бұл әлеуметтік жоба Қарағанды облысының волонтерлік ұйымдары арасында өткен үздік жобалар байқауында жеңіске жеткен болатын. 500 мың теңге грант сомасына мектебіміздегі «Мейірім көпірі» еріктілер клубының мүшелері қажетті жабдықтарды сатып алып, Қарағанды […]


Ата-аналар ІІІ тоқсан нәтижелерімен танысты

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен тәрбие жұмысының нәтижесі ұсынылды.


Республикалық олимпиада жүлдегерлері

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды. 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білімділер сайысында қарағандылық NIS-тің үш оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Алтын медаль: Әмір Әлмуханов (химия); Нұрасыл Құнанбаев (химия). Қола медаль: Нұрмұхамед Зибатқалиев (математика). Олимпиада қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ […]


Қарағандылық зияткерлер жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға арналған арнайы құрылғы ойлап тапты

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға арналған арнайы құрылғы ойлап тапты. Оқушылардың жобасы Астана қаласында өткен Наурыз кездесулері аясындағы байқауда І орынға ие болды. Қазіргі таңда жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі ең көп таралған аурулардың қатарында және көптеген өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі саналады. Оқушылардың айтуынша, […]


Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда

Астанада NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды 2023 жылғы 15 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды. Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. […]


Қарағандылық NIS оқушысы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Джайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды. Джонс Хопкинс университеті – АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. […]