Республикалық олимпиада жүлдегерлері

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғыз оқушысы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды.

18-23 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Қарағандыдағы Зияткерлік мектептің 9 оқушысы олимпиада жүлдесіне ие болды:

Алтын медаль:

Адиль Шаяхметов (Қазақстан тарихы).

Күміс медаль:

Рахим Баймурзин (математика);

Әмір Әлмуханов (химия);

Динмухамед Хамзин (химия);

Шынгыс Алиакпар (биология).

Қола медаль:

Алдияр Бейсенов (физика);

Жанель Кенжегулова (құқық негіздері);

Дарья Калинина (қазақ тілі);

Алина Кругова (қазақ тілі).

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне барлығы 679 білім беру ұйымы қатысты. Оқушылар нәтижесі бойынша Қарағандылық Назарбаев Зияткерлік мектебі үздік 100 мектеп (20-орын) қатарына енді.

Оқушыларды құттықтап, толағай табыс тілейміз!