Білім күні құтты болсын!

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау сыңғырлады. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 120 зияткер аттап отыр. Мектеп директоры Равиль Якупов оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар жаз айларында халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар мен өткен оқу жылын […]


Қарағандылық NIS оқушылары IESO 2023 олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

20-26 тамыз аралығында онлайн форматта Жер туралы ғылымдар халықаралық олимпиадасы (IESO) өтті. IESO – жыл сайын әлемнің түрлі мемлекетіндегі мектеп оқушыларын жинап, олардың геология, метеорология, геофизика, астрономия және мұхиттану ғылымдары бойынша білімін сынайтын жарыс. Қатысушылар жеке және командалық жарыстарға қатысып, күрделі тапсырмаларды орындайды. Биыл олимпиадаға Австралия, Италия, Индонезия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты 29 […]


Қарағандылық зияткерлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде экскурсияда болды

Өткен аптада мектеп оқушылары Қарағанды облысы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болып, маңызды ұйымның жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Экскурсия барысында балалар еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент атқаратын көптеген маңызды міндеттер мен қызметтер туралы кең мағлұмат алды. Оқушылар ҰҚК құрылымына арналған қызықты деректі фильмді тамашалап, мекеме мұражайын аралады. Бұл экскурсия оқушыларға мемлекеттің қауіпсіздігін […]


Қарағандылық зияткерлер Жас геологтардың республикалық далалық олимпиадасының қола жүлдегерлері атанды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жас геологтардың республикалық далалық олимпиадасында ІІІ орынға ие болды. 13 маусымда Қонаев қаласында Жас геологтардың І республикалық далалық олимпиадасы мәресіне жетті. 9-11 сынып оқушыларынан тұрған 16 команда палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия мен петрография және пайдалы қазбалар геологиясы сияқты түрлі пәндер бойынша бақ сынасты. Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 200 бала […]


Нұрасыл Құнанбаев «Туймаада» халықаралық оқушылар олимпиадасында І орын иеленді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Құнанбаев «Туймаада» халықаралық оқушылар олимпиадасында химия пәнінен бірінші орынды иеленді. ХХХ «Туймаада» халықаралық олимпиадасына Қазақстан, Индонезия, Румыния, Сингапур және Ресей елдерінің 200-ден астам оқушысы қатысты. Олимпиада дәстүрлі түрде төрт пәннен өтті: информатика, химия, физика және математика. Нұрасыл бала кезден химияға ерекше қызығады, 2023 жылы зияткер химия бойынша […]


Қарағандыдағы NIS түлегі Шанхай Цзяотун университетіне оқуға түсті

Қарағандыдағы NIS түлегі Анна Лазарева Shanghai Jiao Tong University-ге (SJTU) Инженерлік кластер бағдарламасы бойынша оқуға түсті. SJTU – Қытайдағы ең көне әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі, сондай-ақ елдегі үздік бес және әлемдегі топ-100 университеттің қатарында. – Маған оқу мен сақтандыруды толық және тұрғын үй ақысын ішінара өтеп беретін стипендия ұсынылды. Сабақтар ағылшын тілінде өтеді, […]


«Жазғы мектеп – 2023» мәресіне жетті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі екі аптаға созылған «Жазғы мектеп» мәресіне жетті. Екі аптада оқушылар STEM жобалар мен мобильді қосымшалар жасауды үйреніп, олимпиадаға дайындық сабақтарын өтті. Сонымен қатар сурет салу, дизайн сабақтарында өнерін шыңдап, спортқа да уақыт тапты. Жазғы мектептің жабылуында оқушылар түрлі квесттер мен қызықты ойындарға қатысып, футбол, баскетбол ойнап, арқан тартысты.


Аттестат табыстау салтанаты өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектерге аттестат табыстау салтанаты өтті. Осы оқу жылында Зияткерлік мектепті 77 түлек аяқтап отыр. Оның 12-сі «Алтын белгі», 3-і үздік аттестат иегері атанды. Салтанатты кешке жиналған қауымды мектеп директоры Равиль Якупов пен ғалым, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Манар Мейрамкулов, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі. Жоғары […]


NIS DANCE қорытынды концерті өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде NIS DANCE би клубының қорытынды концерті өтті. Клубты осы жылдың ақпан айында мектеп оқушылары Мадина Усенова мен Дильназ Шахзадина құрған болатын. Қазір клубта 50-ден астам қатысушы бар. – Концерт ұйымдастыру идеясы аяқ асты келді, алайда бірден дайындыққа кірісіп кеттік. Шамамен екі апта бойы би таңдап, концерт сценарийін ойластырдық. Десе де […]


«Түлектер аллеясы» жас шыршалармен толықты

Жақында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Түлектер аллеясы» жаңа көшеттермен толықты. 12-сынып оқушылары қалыптасқан дәстүрді жалғап, мектеп аумағына жас шыршалар отырғызды. «Түлектер аллеясына» ағаш егу – қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, сонымен қатар мектепте білім алған зияткерлер жайлы жақсы естелік екені сөзсіз. – Жалпы, ағаш отырғызу деген мен үшін бір тарихи оқиға сияқты көрінеді, […]