Қарағандылық зияткерлер Жас пікірсайысшылардың ұлттық чемпионатынан жүлделі оралды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Әділет Айтжан мен Жансая Жұмажан пікірсайыстан оқушылар арасында өткен ұлттық чемпионат – National Championship for Young Debaters-те үшінші орынға ие болды.

Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 38 команда қатысып, финалға үш команда өтті. Бұл чемпионат International Competition for Young Debaters халықаралық чемпионатының іріктеу кезеңі саналады. Турнир Кембридж университетіндегі Cambridge Union Debating және Оксфорд университетіндегі Oxford Union-мен бірлесіп өткізілді.
Құттықтаймыз!