Оқушылар “Don’t litter, it makes the world bitter” эко-акциясын өткізді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эко клубының қатысушылары Сабина Ералиева, Айша Айболатова, Айғаным Сағындық 7-8 сынып оқушылары арасында “Don’t litter, it makes the world bitter” эко-акциясын өткізді. Эко-акцияның негізгі мақсаты жасөспірімдерді табиғатты аялауға тәрбиелеп, экологиялық еріктілікті арттыру болды. Акция аясында оқушылар Орбита шағын ауданындағы аумақты тазалады. Келешекте оқушылар тек тазалық акциясын ғана емес, сонымен қатар қаланы қоқыспен ластау мәселесінің алдын алу акцияларын өткізуді жоспарлап отыр.