«Инсульт алған адамдарды оңалту бойынша тездетілген курс» әлеуметтік жобасы мәресіне жетті

Stroke Rec AR интерактивті қосымшасы арқылы инсульт алған адамдарды сауықтыру бағдарламасы негізінде жасалған «Инсульт алған пациенттерді оңалту бойынша тездетілген курс» әлеуметтік жобасы мәреге жетті. Бұл әлеуметтік жоба Қарағанды облысының волонтерлік ұйымдары арасында өткен үздік жобалар байқауында жеңіске жеткен болатын. 500 мың теңге грант сомасына мектебіміздегі «Мейірім көпірі» еріктілер клубының мүшелері қажетті жабдықтарды сатып алып, Қарағанды […]


Ата-аналар ІІІ тоқсан нәтижелерімен танысты

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға оқушылардың ІІІ тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен тәрбие жұмысының нәтижесі ұсынылды.


Республикалық олимпиада жүлдегерлері

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды. 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білімділер сайысында қарағандылық NIS-тің үш оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Алтын медаль: Әмір Әлмуханов (химия); Нұрасыл Құнанбаев (химия). Қола медаль: Нұрмұхамед Зибатқалиев (математика). Олимпиада қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ […]


Қарағандылық зияткерлер жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға арналған арнайы құрылғы ойлап тапты

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруларымен ауыратын адамдарға арналған арнайы құрылғы ойлап тапты. Оқушылардың жобасы Астана қаласында өткен Наурыз кездесулері аясындағы байқауда І орынға ие болды. Қазіргі таңда жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі ең көп таралған аурулардың қатарында және көптеген өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі саналады. Оқушылардың айтуынша, […]


Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда

Астанада NIS-тің «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды 2023 жылғы 15 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды. Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. […]


Қарағандылық NIS оқушысы Джонс Хопкинс университетіне шақырту алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Джайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды. Джонс Хопкинс университеті – АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. […]


Сәтті сабақтар панорамасы

Қаңтар-ақпан аралығында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Сәтті сабақтар панорамасы» ашық сабақтар циклі өтті. Жалпы білім беретін сабақтардың барлығын қамтыған ашық сабақтарды тәжірибелі ұстаздар өткізді. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжан Исина 9-сынып оқушыларына Ілияс Есенберлиннің «Тұлпар» романы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ проблемалық кейс арқылы стилі мен жанры әртүрлі […]


Қарағандылық NIS қоржынында 25 жүлде

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік олимпиадасында 25 қарағандылық зияткер жүлдегер атанды. І орын иегерлері: Анна Лазарева (12-сынып оқушысы) – ағылшын тілі Нұрасыл Құнанбаев (9-сынып оқушысы) – химия ІІ орын иегерлері: Амирхан Сандыбаев (10-сынып оқушысы) – биология Артур Штро (8-сынып оқушысы) – география Әмір Әлмуханов (12-сынып оқушысы) – химия Сағи Бақыткелді (11-сынып […]


«Біз біргеміз» қайырымдылық концерті өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек мақсатында Қайырымдылық концерті өтті. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған концертті ата-аналар, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері мен оқушылар тамашалады. Мектеп сахнасында оқушылар мен мұғалімдерден құралған шығармашылық топтары мен Шаңырақтар өнер көрсетті. Концерттен жиналған барлық қаржы Түркия мен Сирияда зардап шеккендерді қолдау ұйымына жолданды.


«Тәтті кітаптар» фестивалі өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітаптар» фестивалі – «Edible book» festival өтті. Педагог-кітапханашылар мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлар ұйымдастырған іс-шараға 13 шаңырақтың оқушылары мен ата-аналары қатысты. Фестиваль қатысушылары «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасына кіретін кітаптар негізінде кондитерлік өнімдер көрме-жәрмеңкесін рәсімдеді: «Абай жолы» Мұхтар Әуезов, «Ұлпан» Ғабит Мүсірепов, «Когда отдыхают ангелы» Марина Аромштам, «Где нет […]