Ұлы жылдарға тағзым етейік!

9 мамыр қарсаңында Қарағанды ​​қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен ата-аналар қауымы Шахтинск қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қарттарын құттықтап, мерекелік дастарханға арналған тәтті-дәмділерді тарту етті.

Сонымен қатар «Мейірім көпір» еріктілер клубының әлеуметтік зерттеу жобасының нәтижесі саналатын «Отты жылдар ізі – отбасымда» жинағының жаңа толықтырылған басылымы дайындалды. Дәстүрге айналған жоба бойынша жұмыстар 2014 жылдан бері жүргізілуде және жинақ жыл сайын жаңа ақпаратпен, фотоматериалдармен және соғыс туралы зерттеулермен толықтырылып отырады.

Жинақтың бірінші тарауында оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлерінің отбасыларындағы соғыс ардагерлері туралы естеліктер, өлеңдер, эсселер мен әңгімелер берілген.

Екінші тарау оқушылар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің отбасыларынан шыққан тыл еңбеккерлері туралы естеліктер мен әңгімелерден тұрады.

Үшінші тарауда «Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ-нің тыл еңбеккерлері мен қарттардың соғыс жылдарындағы тағдыры туралы естеліктер қамтылған.

Сонымен қатар жинаққа 9 мамырға дейін өткізілген іс-шаралардың мұрағаттық фотосуреттері енгізілген: ардагерлермен кездесулер, қарттарды құттықтаулар, мерекелік концерттер мен шерулер.

«Соғыс майдандарында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Қазақстаннан 100 мыңнан астам жауынгер КСРО-ның жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ал осы батырлар туралы естелік алғысқа толы ұрпақтарының жүрегінде сақталуы үшін аға ұрпақтың естеліктерін, фотосуреттерді, отбасылық мұрағаттағы әскери хаттарды жинақтап, сақтау қажет… Өйткені әрбір ардагердің өмір жолы мен тыл еңбеккері – халыққа қызмет етудің, аянбай еңбек етудің, отансүйгіштіктің үлгісі. Жобаға атсалысып, мектеп оқушыларының бойында өз отбасының тарихына құрметпен қарауға, тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баулитын материалдарды жинақтауға атсалысқаны үшін мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз», – деп бөлісті жоба үйлестірушісі, педагог-куратор Гүлнар Сеитова.

Жаңа материалдармен толықтырылған және Жеңістің 78 жылдығына арналған «Отты жылдар ізі – отбасымда» жобасының жинағы электронды форматта мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/…/1r3ZogMfQMgSusZs1t11T…/view