Отбасылық құндылықтар мен тәртіп

Бүгін Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тату отбасы» жобасы аясындағы екінші кездесу өтті. Ата-аналарға арналған тренинг «Отбасылық құндылықтар мен тәртіп» тақырыбына арналса, оқушылар «Ата-анаға құрмет пен махаббат» тақырыбын талқылады. Ал кездесудің екінші жартысында ата-аналар мен балалар тобы бірігіп, «Отбасы ағашы» жобасын әзірледі. Қатысушылар өз отбасындағы басты құндылықтарды жазып, көпшілікке таныстырды.

«Тату отбасы» жобасы басталды

Бүгін Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Тату отбасы» жобасы бастау алды. Аталған жобаны Оксфорд Брукс университетінің денсаулық және әлеуметтік саулық мектебі даярлаған. Басты мақсаты – жасөспірімдердің тәрбиесіне кері әсер ететін отбасылық жағдайлардың алдын алып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға үлес қосу. «Жобаға қатысатын ата-аналар кездесуден алған білімдерін жетілдіріп, өз [...]

Мектеп еріктілері достармен кездесті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірім көпірі» еріктілер клубы мен ұстаздары облыстағы Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясындағы дәстүрге айналған кездесуде мектеп жатақханасында тұратын оқушылар қазақ ертегілері негізінде дайындаған қуыршақ қойылымын сахналап, өнерлерін көрсетті. Қойылымнан кейін еріктілер кішкентай көрермендерге қуыршаққа қалай «жан бітіруді» үйретіп, балаларды қызыққа [...]

Мейірім төгілген күн

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» клубы мүшелерінің кезекті кездесу өтті. Күннің суығына қарамастан мектепке келген ата-әжелер оқушылармен жылы жүздесті. Кездесу барысында информатика мұғалімі Глеб Давлетгариев интернет браузерлердің ерекшелігі жайлы әңгімелеп, клуб мүшелерін ақпарат іздеудің жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар қарттар мектептің би залында қонақ болып, оқушылармен, ұстаздармен қосылып, ретро әндерге би биледі. Шара [...]

Достармен бірге

«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында Қарағанды облысындағы Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақ болды. «Достармен бірге» атты кездесу барысында олар мектеп оқушыларымен бірігіп, дизайн-студияда өткен шеберлік сыныбына қатысты. Шеберлік сыныбында қосымша білім педагогы Светлана Катанцева үшкіл орамал тігудің қыр-сырымен бөлісті. Қонақтар матаны пішіп, тігуді, дайын бұйымды дұрыс үтіктеуді [...]

“Ұрпақтар сабақтастығы” аясындағы кезекті кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында құрылған клубтың кезекті кездесуі өтті. Бүгінгі кездесуге келген қарттар алдымен «Пайдалы мобильді қосымшалар» курсына қатысып, смартфонның тиімді тұстары жайлы ақпаратқа қанықты. Ал сәндік-қолданбалы өнер бойынша өткен шеберлік сыныбында клуб мүшелері фетрден телефонға арнап қап дайындап, оны ою-өрнекпен әрлеуді үйренді. Сондай-ақ қарттар бейнелеу өнері студиясында қонақ болып, [...]

Суретшімен кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында суретші Қаныш Балабековпен кездесу өтті. Қылқалам шебері оқушыларға сурет өнері жайлы әңгімелеп, өз туындыларының тарихын баяндап берді. Мектеп тәлімгерлері суретшінің «Хан көтеру», «Жеті қазына», «Кенесары», «Қызыққа тоймас адамзат» және т.б. туындыларының қалай дүниеге келгенін біліп қана қоймай, салт-дәстүр мен тарихи оқиғалар туралы қызықты мәліметтерге қанықты. Қаныш [...]

“Ұлы дала мұрагерлері” Республикалық форум

2019 жылы 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Қазақстанның жүздеген қасиетті жерлерінің бірі Ақтоғай ауданы Ортадерін ауылдық округіне қарасты Бектауата шатқалына "Факел" лагерінде "Ұлы дала мұрагерлері" Республикалық форумының 2 кезеңі болып өтті. Оған НЗМ, мамандандырылған "Дарын", "Мұрагер", Н.Нұрмақов атындағы мектептің, "Ақпараттық технологиялар" мектебінің оқушылары, екі Ресурстық орталықтар - Шашубай және К.Бәйсейітова атындағы мектептерден 200-ден астам [...]