Отбасылық құндылықтар мен тәртіп

Бүгін Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тату отбасы» жобасы аясындағы екінші кездесу өтті. Ата-аналарға арналған тренинг «Отбасылық құндылықтар мен тәртіп» тақырыбына арналса, оқушылар «Ата-анаға құрмет пен махаббат» тақырыбын талқылады.

Ал кездесудің екінші жартысында ата-аналар мен балалар тобы бірігіп, «Отбасы ағашы» жобасын әзірледі. Қатысушылар өз отбасындағы басты құндылықтарды жазып, көпшілікке таныстырды.