“Ұлы дала мұрагерлері” Республикалық форум

2019 жылы 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Қазақстанның жүздеген қасиетті жерлерінің бірі Ақтоғай ауданы Ортадерін ауылдық округіне қарасты Бектауата шатқалына “Факел” лагерінде “Ұлы дала мұрагерлері” Республикалық форумының 2 кезеңі болып өтті. Оған НЗМ, мамандандырылған “Дарын”, “Мұрагер”, Н.Нұрмақов атындағы мектептің, “Ақпараттық технологиялар” мектебінің оқушылары, екі Ресурстық орталықтар – Шашубай және К.Бәйсейітова атындағы мектептерден 200-ден астам оқушы қатысты. 
Пікірталас алаңында оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату іс-шараларына белсене қатысты. “Екі апта ауылда” әлеуметтік тәжірибесінің аясында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, сүт өнімдерінің қалай қолдан жасалатынын, қымыз, ірімшік және қаймақты қалай жасайтынын фермерлік қожалықтарға барып өз көздерімен көріп қайтты. 
READx жобасының аясында оқыған кітаптары туралы аса қызығушылықпен айтып беріп, стартаптарды қорғап, “Қоғамға қызмет” жобасындағы өздерінің қосқан үлестері жайлы айтып, көрсетіп берді. 
НЗМ оқушылары UNESCO 17 мақсаты бойынша тренингтер өткізіп, әр қатысушы мәселелердің шешімін постер арқылы жеткізіп қорғауға мүмкіндік алды. Киіз үйдің қалай тігілетінін және оның ішіндегі жабдықтардың қалай орналасатындарын көрсетті. Ұлдар мен қыздар бауырсақ пісіріп, барлық қатысушылар одан ауыз тиді. Форумның жабылу салтанатында “Әуен” ансамблінің қыздары -халықаралық конкурстардың жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетті. Олардың ауендері Түркия елінде шырқалса, енді Италия елінде шырқалмақ. От-жалынның маңында қоштаса отырып, оқушылар форум ұйымдастырушыларына көрісіп-танысуға берген мүмкіншіліктер үшін алғыстарын айтты.