«Тату отбасы» жобасы басталды

Бүгін Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Тату отбасы» жобасы бастау алды. Аталған жобаны Оксфорд Брукс университетінің денсаулық және әлеуметтік саулық мектебі даярлаған. Басты мақсаты – жасөспірімдердің тәрбиесіне кері әсер ететін отбасылық жағдайлардың алдын алып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға үлес қосу.
«Жобаға қатысатын ата-аналар кездесуден алған білімдерін жетілдіріп, өз жүріс-тұрысына басқа көзбен қарай алады. Белгілі бір жағдайға, баласының психологиялық күйіне талдау жасауды, көңілі құлазып тұрса, онымен сабырлы, байыпты түрде тілдесуді үйренеді. Мұндай оң өзгерістер отбасыдағы эмоционалды жағдайды жақсартады», – дейді психолог мамандар.
«Тату отбасы» жобасына қатысатын ата-аналар алдағы жеті аптаның әр сенбісінде бас қосатын болады.