Мейірім төгілген күн

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» клубы мүшелерінің кезекті кездесу өтті. Күннің суығына қарамастан мектепке келген ата-әжелер оқушылармен жылы жүздесті. Кездесу барысында информатика мұғалімі Глеб Давлетгариев интернет браузерлердің ерекшелігі жайлы әңгімелеп, клуб мүшелерін ақпарат іздеудің жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар қарттар мектептің би залында қонақ болып, оқушылармен, ұстаздармен қосылып, ретро әндерге би биледі.

Шара соңында құрметті қонақтар дастарханда бас қосып, әңгіме-дүкен құрды. Шараны ұйымдастырған оқушылар мен мұғалімдерге табыс тілеп, Тәуелсіздік күніне ақжарма тілектерін арнады.