Достармен бірге

«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында Қарағанды облысындағы Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақ болды. «Достармен бірге» атты кездесу барысында олар мектеп оқушыларымен бірігіп, дизайн-студияда өткен шеберлік сыныбына қатысты.

Шеберлік сыныбында қосымша білім педагогы Светлана Катанцева үшкіл орамал тігудің қыр-сырымен бөлісті. Қонақтар матаны пішіп, тігуді, дайын бұйымды дұрыс үтіктеуді үйреніп, үшкіл орамалды тағудың бірнеше тәсілімен танысты.
Шара соңында өздері жасаған орамалдарды сыйлыққа алған қатысушылар кездесуден алған әсерлерін ортаға салдв. Сонымен қатар пайдалы іс үйретіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.