Суретшімен кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында суретші Қаныш Балабековпен кездесу өтті. Қылқалам шебері оқушыларға сурет өнері жайлы әңгімелеп, өз туындыларының тарихын баяндап берді. Мектеп тәлімгерлері суретшінің «Хан көтеру», «Жеті қазына», «Кенесары», «Қызыққа тоймас адамзат» және т.б. туындыларының қалай дүниеге келгенін біліп қана қоймай, салт-дәстүр мен тарихи оқиғалар туралы қызықты мәліметтерге қанықты. Қаныш Балабеков балаларға көрсету мақсатында өзінің бірнеше жұмысын ала келген екен. Шара соңында оқушылар өнер туындыларын жақыннан тамашалап, автормен естелік фотоға түсті.