«Тәтті кітаптар» фестивалі өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітаптар» фестивалі – «Edible book» festival өтті. Педагог-кітапханашылар мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлар ұйымдастырған іс-шараға 13 шаңырақтың оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Фестиваль қатысушылары «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобасына кіретін кітаптар негізінде кондитерлік өнімдер көрме-жәрмеңкесін рәсімдеді: «Абай жолы» Мұхтар Әуезов, «Ұлпан» Ғабит Мүсірепов, «Когда отдыхают ангелы» Марина Аромштам, «Где нет зимы» Дина Сабитова, «The Little Prince» Antoine de Saint-Exupery, «The chronicles of Narnia» C.S. Lewis және т.б.

Мұндай іс-шаралар оқушыларды кітап оқуға баулып, шығармашылық қабілеттерін дамытады, ата-аналарды мектеп өміріне араластырып, оқушылардың оқу мәдениетін дамытуда мектеп кітапханасы мен кураторлық қызметті біріктіреді.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі номинациялар мен жүлделі орындарға ие болды.