«Біз біргеміз» қайырымдылық концерті өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек мақсатында Қайырымдылық концерті өтті. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған концертті ата-аналар, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері мен оқушылар тамашалады.

Мектеп сахнасында оқушылар мен мұғалімдерден құралған шығармашылық топтары мен Шаңырақтар өнер көрсетті. Концерттен жиналған барлық қаржы Түркия мен Сирияда зардап шеккендерді қолдау ұйымына жолданды.