«Жаңа жылдық шырша» мерекесі

Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер мен қызметкерлердің балаларына арналған шырша мерекесі өтті. Әдемі әрленген мектеп шыршасының маңына жиналған балалар Жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Көңілді кешке келген бүлдіршіндер жыл жануарлары мен мультипликация кейіпкерлерін қуана қарсы алды. Сонымен қатар «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында жаңа жылдық мерекеге Қарағанды қаласының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау […]


INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жүледегерлері

16-18 желтоқсан аралығында Астанада INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Биыл жарысқа 5 мемлекеттен 450 оқушыс қатысып, 184 жоба ұсынған болатын. Жарыстар алты секция бойынша өткізілді: робототехника (FLL Challenge жəне Arduino Hackathon); компьютерлік бағдарламалау; компьютерлік графика жəне өнер; қолданбалы ғылыми жобалар; қысқаметражды фильмдер; қолданбалы математикалық жобалар. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арнелла Төлегеннің […]


Журналистермен кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ақылды бейсенбі” жобасы аясында Saryarqa телеарнасының журналистері Гүлбақша Ақажанова және Ботабек Маратұлымен кездесу өтті. Қонақтар оқушыларға журналистика мамандығының қыр-сырын баяндап, қызмет барысында кез болған қызықтарымен бөлісті. “Оқушылармен кездесіп, ой алмасқанымызға қуаныштымыз. Танысып, тәжірибе бөлісуге әрдайым дайынбыз”, - дейді телеарнаның жаңалықтар бөлімi редакторы Гүлбақша Ақажанова. Мектеп тәлімгерлерi болса, қонақтарға көкейде жүрген [...]

Үйірмелер жәрмеңкесі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп ішінде үйірмелер жәрмеңкесі болып өтті. Ғылыми жұмыстарға құмар зияткер оқушылар үшін түрлі пәндік және спорт пен өнердің бірнеше саласы бойынша үйірмелер түрі жұмыс жасайтын болады. Атап айтқанда, химия, физика, биология, тағы да басқа пәндік үйірмелерден бастап волейбол, футбол, сынды спорттық секциялар да жұмысын бастамақ. Ал өнер саласы бойынша вокал, [...]

«Қарағанды облысында туризмнің даму әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2018 жылдың 6 желтоқсанында қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің пәндер айлығы аясында, Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында «Қарағанды облысында туризмнің даму әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Аймақтағы туризмнің дамуын талқылауда 12 D сыныбының оқушысы -Қуанышева Тамила, ағылшын тілі және жаһандық перспективалар пәні мұғалімі - Алиева Айнұр және қоғамдық қайраткер және саяхатшы, Nomadic Travel Kazakhstan туркомпаниясының [...]

«Латынша караоке флешмоб» атты Акция

2018 жылы 7 желтоқсан күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Латынша караоке флешмоб» атты акция ұйымдастырылды. «Атамекен», «Армандастар»,  «Жанымда бол » әндерінің сөзі латынша өз нақышында орындалды. Латын әліпбиінің нұсқасын 2018 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен болатын.

Қаржылық сауаттылық

8 қараша 2018 жылы Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Н.Б.Калиева және Б.Т.Мекеева оқушылардың жеке бюджеттеріне есеп жүргізулерін және жоспарлауды нақты, тереңірек түсіну мақсатында қаржылық сауатты болу үшін «Жинақтау » тақырыбында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері А.Сеитов және К.Джумагуловпен бірлескен куратор сағатын өткізді. Куратор сағатына оқушылар өте ұйымдасқан түрде қатысып, қаржылық сауаттылықтарын [...]

«Жаңа дәуірдің мектебі»

Астанада «Жаңа дәуірдің мектебі» Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның он жылдығына арналды. Осы жолы дәстүрлі жиын әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам мемлекеттің 2 мыңға жуық өкілінің басын қосып, рекордтты жиындар қатарына кірді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен облыстық әкімдіктер арасында жасасқан меморандумдар аясында конференцияға Қазақстанның өңірлерінен білім беру саласының 700 [...]

День победы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде таңертеңгілік саптық жиын Жеңіс күні мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналды. Саптық жиын майдан даласында мерт болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Сонымен қатар батырларымыздың ерліктері дәріптеліп Жеңіс күніне арналған әндер шырқалды. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз [...]

Шығармашылық ұжым «Сүйікті мектебім»

28 сәуірде Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылардан құралған шығармашылық ұжымы «Сүйікті мектебім» атты есеп беру концертін өткізді.Аталмыш концерт аясында келген қонақтар назарына оқушылардың республикалық халқаралық денгейде жоғары баға алған ғылыми жобалары ұсынылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары дайындаған қолөнер бұйымдары көмесі өткізілді.Концерттік бағдарламада үздік патриоттық әндер мен отбасы мектеп жайлы жақсы әуезді әндер шырқалып еліміздегі [...]