«Жаңа жылдық шырша» мерекесі

Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер мен қызметкерлердің балаларына арналған шырша мерекесі өтті.

Әдемі әрленген мектеп шыршасының маңына жиналған балалар Жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Көңілді кешке келген бүлдіршіндер жыл жануарлары мен мультипликация кейіпкерлерін қуана қарсы алды.

Сонымен қатар «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында жаңа жылдық мерекеге Қарағанды қаласының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының және №4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері де шақырылған болатын. Кішкентай қонақтар қызықты ойындарға қатысып, кейіпкерлерге қосылып ән айтып, би биледі. Сонымен қатар Аяз атадан тәтті сыйлықтар алды.