Журналистермен кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ақылды бейсенбі” жобасы аясында Saryarqa телеарнасының журналистері Гүлбақша Ақажанова және Ботабек Маратұлымен кездесу өтті.
Қонақтар оқушыларға журналистика мамандығының қыр-сырын баяндап, қызмет барысында кез болған қызықтарымен бөлісті.
“Оқушылармен кездесіп, ой алмасқанымызға қуаныштымыз. Танысып, тәжірибе бөлісуге әрдайым дайынбыз”, – дейді телеарнаның жаңалықтар бөлімi редакторы Гүлбақша Ақажанова.
Мектеп тәлімгерлерi болса, қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, түрлі тақырыптар бойынша пiкiр алмасты.