Шығармашылық ұжым «Сүйікті мектебім»

28 сәуірде Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылардан құралған шығармашылық ұжымы «Сүйікті мектебім» атты есеп беру концертін өткізді.Аталмыш концерт аясында келген қонақтар назарына оқушылардың республикалық халқаралық денгейде жоғары баға алған ғылыми жобалары ұсынылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары дайындаған қолөнер бұйымдары көмесі өткізілді.Концерттік бағдарламада үздік патриоттық әндер мен отбасы мектеп жайлы жақсы әуезді әндер шырқалып еліміздегі түрлі ұлттардың билері де сахна көркін кіргізді.Бұл күні оқушылардың ғылымдағы,өнердегі жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.