INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жүледегерлері

16-18 желтоқсан аралығында Астанада INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Биыл жарысқа 5 мемлекеттен 450 оқушыс қатысып, 184 жоба ұсынған болатын.

Жарыстар алты секция бойынша өткізілді: робототехника (FLL Challenge жəне Arduino Hackathon); компьютерлік бағдарламалау; компьютерлік графика жəне өнер; қолданбалы ғылыми жобалар; қысқаметражды фильмдер; қолданбалы математикалық жобалар.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арнелла Төлегеннің «компьютерлік бағдарламалау» секциясында «Mobile application for advanced English and Kazakh learners» жобасы үздік деп танылып, алтын жүлдеге ие болды. Жетекшісі – ағылшын тілі мұғалімі Айгүл Сүлейменова.

Дәл осы секцияда 11-сынып оқушысы Вадим Назаренконың «VIRTUAL NOTEBOOK» жобасы да ерекше көзге түсіп, 3-орыннан көрінді. Жетекшісі – информатика мұғалімі Кирилл Набиев.

12-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сағатов және 10-сынып оқушылары Алпамыс Исабеков пен Алдияр Нақып Arduino Hackathon жарысында жақсы нәтиже көрсетіп, 1-орынға лайық деп танылды. Жетекшісі – робототехника мұғалімі Айдын Жуанышев.

INFOMATRIX – ақпараттық технологиялар саласындағы әлемнің үздік оқушыларын біріктіру мақсатында құрылған халықаралық компьютерлік жобалар байқауы.

Құттықтаймыз!