День победы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде таңертеңгілік саптық жиын Жеңіс күні мен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналды. Саптық жиын майдан даласында мерт болған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Сонымен қатар батырларымыздың ерліктері дәріптеліп Жеңіс күніне арналған әндер шырқалды. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.