Қаржылық сауаттылық

8 қараша 2018 жылы Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Н.Б.Калиева және Б.Т.Мекеева оқушылардың жеке бюджеттеріне есеп жүргізулерін және жоспарлауды нақты, тереңірек түсіну мақсатында қаржылық сауатты болу үшін «Жинақтау » тақырыбында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері А.Сеитов және К.Джумагуловпен бірлескен куратор сағатын өткізді. Куратор сағатына оқушылар өте ұйымдасқан түрде қатысып, қаржылық сауаттылықтарын арттырды.