Үйірмелер жәрмеңкесі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп ішінде үйірмелер жәрмеңкесі болып өтті. Ғылыми жұмыстарға құмар зияткер оқушылар үшін түрлі пәндік және спорт пен өнердің бірнеше саласы бойынша үйірмелер түрі жұмыс жасайтын болады. Атап айтқанда, химия, физика, биология, тағы да басқа пәндік үйірмелерден бастап волейбол, футбол, сынды спорттық секциялар да жұмысын бастамақ. Ал өнер саласы бойынша вокал, би, домбыра, сурет өнері мен мүсіндеу, қолөнер түрлері бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, оқушылар да өздерінің үйірме жұмыстарының жоспар жобаларын ұсынды. Жәрмеңке барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары бойынша қалаған үйірмелеріне жазылды. Оқушылардың үйірмелерге деген қызығушылықтары өте басым екендіктері көңілге қуаныш ұялатты.Мектеп әкімшілігі үйірмелерді көптеп ашуының басты себебі, оқушылардың тек қана білім алып қана қоймай, өз қызығушылықтарына сай шыңдалып, рухани дамып, өз уақыттарын танымдық бағытта тиімді пайдалануға тәрбиелеу болып табылады.