«Еріктілер – нағыз патриоттар» облыстық семинары өтті

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Еріктілер – нағыз патриоттар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға облыс мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Семинар барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторлары оқу ордасында жүзеге асып келе жатқан еріктілер жұмысы жайлы баяндап, іс жүзінде мысалдар келтірді. Сондай-ақ семинарға келген мұғалімдер «Ұрпақтар сабақтастығы» мен [...]

Жезқазғанда семинар өтті

Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін трансляциялау мақсатында мектебіміздің шығармашылық тобы Жазқазған мен Сәтпаев қалаларындағы мұғалімдер мен білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған семинар өткізді. Онда үштілді оқыту кезіндегі критериалды бағалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдістерді қолдану жайлы тренингтер ұйымдастырылды. Жезқазған қаласындағы №26 гимназияда өткен семинарға барлығы 80 адам қатысты.

Әдістемелік күн

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстық мектептердің дене шынықтыру, музыка, еңбек және көркем сурет пәні мұғалімдеріне арналған Әдістемелік күн өтті. Шара барысында 100-ден аса қатысушы ашық сабақтар мен тренингтерге қатысып, сабақты тиімді өткізу бойынша тәжірибе алмасты. Келесі Әдістемелік күн 2020 жылдың наурыз, мамыр айларына жоспарланды.

Тәрбие жұмысы бойынша семинар

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел» құндылықтарын тәрбие жұмысына енгізу бойынша тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларына, сынып жетекшілері мен ата-аналар комитеті төрағаларына арналған семинар өтті. Педагог-куратолар қатысушыларды мектепте жүзеге асып жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» сияқты жаңа жобалармен таныстырып, тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізу бойынша тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ қалалық мектептердің [...]

Абай ұстаздарына арналған семинар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жоспары аясында Абай қаласындағы №10 гимназияда орта мектеп ұстаздарына арналған семинар өтті. Шарада Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері орта мектепте оқылатын пәндерге арналған тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау және сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары мен Шаңырақ сағаттарының жоспарын құру бойынша тәжірибе бөлісті. Семинарға Абай [...]

НЗМ тәжірибесін трансляциялау

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жоспары аясында Шахтинск қаласының мұғалімдерімен семинар өткізді. Тәжірибе алмасу бағытында өткен шарада орта мектепте оқылатын пәндерге арналған тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау және сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары мен Шаңырақ сағаттарының жоспарын құру тақырыптары талқыланды. Семинар Шахтинск қаласындағы №1 гимназияда [...]

Мұғалімдер тәжірибе алмасты

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тіл және тарих пәндерінің мұғалімдеріне арналған Әдістемелік күн өтті. Білім берудің жаңартылған мазмұны және критерийлік бағалау бойынша ұйымдастырылған шараға облыстың алдыңғы қатардағы мектептерінің пән мұғалімдері мен оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты. Әдістемелік күн аясында ұстаздар “Білім берудің жоғары сатысында жаңартылған мазмұн бойынша гуманитарлық пәндерді оқыту ерекшеліктері” тақырыбындағы шеберлік сыныбына, «Критерийлік [...]