Жезқазғанда семинар өтті

Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін трансляциялау мақсатында мектебіміздің шығармашылық тобы Жазқазған мен Сәтпаев қалаларындағы мұғалімдер мен білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған семинар өткізді. Онда үштілді оқыту кезіндегі критериалды бағалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдістерді қолдану жайлы тренингтер ұйымдастырылды. Жезқазған қаласындағы №26 гимназияда өткен семинарға барлығы 80 адам қатысты.