Әдістемелік күн

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстық мектептердің дене шынықтыру, музыка, еңбек және көркем сурет пәні мұғалімдеріне арналған Әдістемелік күн өтті. Шара барысында 100-ден аса қатысушы ашық сабақтар мен тренингтерге қатысып, сабақты тиімді өткізу бойынша тәжірибе алмасты. Келесі Әдістемелік күн 2020 жылдың наурыз, мамыр айларына жоспарланды.