Тәрбие жұмысы бойынша семинар

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел» құндылықтарын тәрбие жұмысына енгізу бойынша тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларына, сынып жетекшілері мен ата-аналар комитеті төрағаларына арналған семинар өтті. Педагог-куратолар қатысушыларды мектепте жүзеге асып жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» сияқты жаңа жобалармен таныстырып, тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізу бойынша тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ қалалық мектептердің сынып жетекшілері кураторлық сабақтарға кіріп, рефлексияға қатысты.