Мұғалімдер тәжірибе алмасты

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тіл және тарих пәндерінің мұғалімдеріне арналған Әдістемелік күн өтті. Білім берудің жаңартылған мазмұны және критерийлік бағалау бойынша ұйымдастырылған шараға облыстың алдыңғы қатардағы мектептерінің пән мұғалімдері мен оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты. Әдістемелік күн аясында ұстаздар “Білім берудің жоғары сатысында жаңартылған мазмұн бойынша гуманитарлық пәндерді оқыту ерекшеліктері” тақырыбындағы шеберлік сыныбына, «Критерийлік бағалау: Қоғамдық және гуманитарлық ғылым пәндері бойынша бағалау құралдарын дайындау және сараптау» семинар сабағына және «Оқу нәтижесін жоспарлаудағы негізгі қателіктер» дөңгелек үстеліне қатысып, тәжірибе алмасты.


Әдістемелік күн Қарағанды облысының мектеп мұғалімдеріне “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ-ның тәжірибесін трансляциялап, оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.