Абай ұстаздарына арналған семинар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жоспары аясында Абай қаласындағы №10 гимназияда орта мектеп ұстаздарына арналған семинар өтті. Шарада Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері орта мектепте оқылатын пәндерге арналған тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау және сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары мен Шаңырақ сағаттарының жоспарын құру бойынша тәжірибе бөлісті. Семинарға Абай ауданына қарасты мектептерде қызмет ететін 195 мұғалім қатысты.