«Еріктілер – нағыз патриоттар» облыстық семинары өтті

НЗМ тәжірибесін трансляциялау мақсатында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Еріктілер – нағыз патриоттар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға облыс мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Семинар барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторлары оқу ордасында жүзеге асып келе жатқан еріктілер жұмысы жайлы баяндап, іс жүзінде мысалдар келтірді. Сондай-ақ семинарға келген мұғалімдер «Ұрпақтар сабақтастығы» мен «Қоғамға қызмет ету» жобалары бойынша шеберлік сыныптарына қатысты.
Педагог-кураторлармен қатар, оқушылардың өзін-өз басқару ұйымының мүшесі, 11-сынып оқушысы Даниал Жанабаев еріктілік тәжірибесі жайлы әңгімелеп, мектеп еріктілерінің жұмысымен таныстырды.
Семинар соңында облыстың әр түкпірінен келген ұстаздар рефлексияға қатысып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.