НЗМ тәжірибесін трансляциялау

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау жоспары аясында Шахтинск қаласының мұғалімдерімен семинар өткізді. Тәжірибе алмасу бағытында өткен шарада орта мектепте оқылатын пәндерге арналған тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау және сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары мен Шаңырақ сағаттарының жоспарын құру тақырыптары талқыланды.
Семинар Шахтинск қаласындағы №1 гимназияда өтіп, оған қалалық және қала маңындағы ауылдық мектептерден 75 мұғалім қатысты.