Сарқылмас даналық

Бүгін Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» клубында қарттармен кезекті кездесу өтті. Құрметті қонақтар мектеп кітапханасында оқушылармен кездесіп, өмір жолын баяндап, мамандық таңдаудағы және қызмет барысындағы қызықтармен бөлісті. Оқушылардың сұрақтарына жауап берген соң, ұйымдастырушылар үлкендерге караокеде ән айтуды ұсынды. Абайдың мерейтойына орай қарттар оқушылармен бірігіп, «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың әндерін айтып, сергіп [...]

“Ұрпақтар сабақтастығы” аясындағы кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы клубының қатысушыларымен кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды көзқарас қалыптастыру үшін мектеп психологтарымен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ «Жасы үлкен адамға сұрақ» форматында әңгімелесу, көркем еңбек пен қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өтті. Кездесу соңында клуб қатысушылары кезекті кездесу үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына [...]

Оқушылар жаңа жобамен танысты

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасының ашылу шарасы өтті. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға, Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына, сондай-ақ Еріктілер жылына орай енгізіліп отыр. Жаңа жоба жас ұрпақтың бойында ата-бабадан қалған асыл мұра, қымбат қазына - мақал-мәтелдерді дәріптеп, оқушылардың тіл байлығын арттыруды [...]

Ұрпақтар сабақтастығы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ұрпақтар сабақтастығы” жобасының таныстырылымы өтті. Халықаралық қарттар күні қарсаңында басталған жоба зейнеткерлер мен мектеп оқушыларының арасында достық қарым-қатынас орнатып, үлкендердің мектеп өміріне белсенді араласуыны мүмкіндік беруді көздейді.   “Біз оқушыларымыздың жан-жақты дамығанын қалаймыз. Яғни, химия, физика немесе ағылшын тілін ғана терең меңгеріп қоймай, бойларына адами құндылықтарды да қоса сіңірсе дейміз. [...]

Мақал – сөз мәйегі

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Менің өмірімдегі қолданатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында “Мақал - сөз мәйегі” сайысы өтті. Бірнеше айналымнан тұрған сайыста оқушыларға Отан, туған жер тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер жасырылып, балалардың білгірлігі мен жүйріктігі сыналды. “Осы шара арқылы оқушыларды халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың елін сүйетін азамат болып өсуіне ықпал еткіміз келеді. Сондай-ақ мақал-мәтел балалардың сөздік қорын [...]