“Ұрпақтар сабақтастығы” аясындағы кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы клубының қатысушыларымен кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды көзқарас қалыптастыру үшін мектеп психологтарымен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ «Жасы үлкен адамға сұрақ» форматында әңгімелесу, көркем еңбек пен қолөнер бойынша шеберлік сыныптары өтті. Кездесу соңында клуб қатысушылары кезекті кездесу үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына жетістік тіледі.