Мақал – сөз мәйегі

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Менің өмірімдегі қолданатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында “Мақал – сөз мәйегі” сайысы өтті.

Бірнеше айналымнан тұрған сайыста оқушыларға Отан, туған жер тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер жасырылып, балалардың білгірлігі мен жүйріктігі сыналды.

“Осы шара арқылы оқушыларды халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың елін сүйетін азамат болып өсуіне ықпал еткіміз келеді. Сондай-ақ мақал-мәтел балалардың сөздік қорын арттырады”, – дейді сайысты ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Сүлейменова.

Сайыс қортындысы бойынша “Жалын” тобы үздік деп танылды. Сонымен қатар сайысқа белсенді қатысқан оқушылар “Ұшқыр ой”, “Терең таным” номинациялары бойынша марапатталды.