Жатақхана

   Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  2013 жылдың 1 ақпанында ашылды. Мемлекет басшысының бастамасымен Зияткерлік мектептер арасында ашылған сегізінші мектеп болды. Зияткерлік мектеп 720 оқушыға есептелген. Алыс мекенжайдағы балаларға арналған 120 жатын орынды жатақхана бар.  

  

    Қарағанды қаласындағы ХББ НЗМ-нің жатақханасы-жатын орын ғана емес,   жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыда дамуының перспективті бағытын анықтауға және жаңа ортаға бейімделу кезіндегі кездесетін жаңа әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардағы қиындықтарды жеңу мен қарсы тұра білуге тәрбиелейтін шағын әлеуметтік орта. 

          Жатақханада мерекелік атаулы шараларды сәтті өткізу үшін жеткілікті материалдық базасы бар. Оқушыларға үйдегіге жақын өмір сүру  жағдайы жасалған. Замаманауи құрылғылармен қамтылған медициналық бөлме, компьютрлік, оқу сыныптары, тұрмыстық қызмет , киім жуу бөлмесі, «Шабыт» шығармашылық шеберханасы бар.  

Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектеп-жатақханасыбұл өмір сүруге, білім алуға, қарым-қатынас жасау мен өзін жетілдіруге арналған тамаша мүмкіндік. Одан басқа өзін ұйымдастыра алуға үйренетін және бірнеше оқушымен бірге тұратындықтан тәртіп пен тазалыққа үйренетін мүмкіндік.  Ең маңыздысы, жатақхана-ұзақ жылдарға ұласатын достық сезімінің қалыптасатын ортасы.

ҮЙМЕН БАЙЛАНЫС. КОММУНИКАЦИЯ 

Жатақханадағы өмірдің басталуы – көпшілік балаларға жауапты сынақ, әсіресе өмірлеріне өзгеріс енген жетінші сыныптың оқушыларына. Олар балалар ұжымына, жаңа талаптарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, күнделікті міндеттемелерге, күн тәртібіне, мектеп пен жатақхананың өмір тәртібіне бағынуға үйренуі тиіс. Жатақханаға алғашқы орналасқан күндерде, туған үймен телефон арқылы байланысудың арнайы ережелерін сақтай отырып байланысу маңызды. Ата-аналарға балаларына оқу үрдісі, тамақтану немесе кешкі ұйқы кезінде қоңырау шалмауға кеңес беріледі.

 

АТА-АНАНЫҢ РОЛІ 

Ата-аналар – Зияткерлік мектептің ажырамас мүшелері және баласының оқуда оңды жетістіктерге жетуінде басты роль атқарады.  

Біздің ортақ үйіміздің барлық шараларында, құрметті ата-аналар, сіздерді  белсенді ат салысады деп сенеміз. Тәрбиешілермен, кураторлармен және пән мұғалімдерімен қарым-қатынас, байланыста тығыз орнауы тиіс.