Мектеп оқушыларының Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдармен кездесті

Мектеп оқушыларының Чернобыль апатын жоюға

қатысқан адамдармен кездесу кеші

1986 жылғы 26 сәуірде адамзат тарихында қорқынышты апат болды. Бұл күн – 33 жыл өткеннен кейін, біздің адам өмірінің ықтимал зардаптары, өмірін қауіп-қатерге тіккен, әлемді радиоактивті апаттан құтқарған адамдарға төленбейтін қарыз туралы ойлануымызға жетелейді. Апаттың алдын алу үшін батыл да жауапты, ел мен халқына адал, адамгершілік қасиеттері мол адамдар жіберілді. Апат туралы естелік біздің халқымыздың жадысында мықты сақталады. Чернобыль апатын жоюшылары ешқашан ұмытылмайды. Күн сайын бұл адамдардың азайып бара жатқанын біз үшін қасіретті жағдай. Біз олардың бәрін ұмытпауымыз керек.

2019 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Чернобыль АЭС зардаптарын жоюшылармен кездесу кеші болып өтті. Кездесуге Әбілғазинов Амангелді Рахимович, Мажяркин Анатолий Николаевич және Байкенов Мейрамбек Кәрімұлы қатысты. Ұйымдастырушылар тарапынан апат туралы деректі фильм мен ақпараттар берілді.Чернобыль апатын жоюға қатысқандар кездесу барысында өз естеліктерімен бөлісе отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылар бұл кездесуден үлкен әсер алды, ұйымдастырушылардың, кездесу қонақтарының әңгіме-сұхбаттарынан отансүйгіштік, адамгершілік туралы танымдары жетіле түсті.