29.04.2017ж. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Wiki Camp» іс-шарасы өткізілді. Ұстаздармен бірге оқушылар халқымыздың рухани бірлігін, мәдениеттердің әртүрлілігін және олардың өзара байытуын бейнелейтін тақырыптар, әдеби, тарихи және мәдени мұра жөніндегі мақалалар мен Қазақстанның қазіргі заманғы жетістіктері туралы жазды.