Шанырак «АБЫЛКАС САГИНОВ»

Ұраны: «Биік самғай ұшамыз, Бар бақытты құшамыз!​»

Шаңырақ оқушылар қауымдастығы: 7 «Н», 10 «В», 11«Н»  сынып оқушыларынан құрылған. 10 «В» сыныбының оқыту тілі-қазақ, 7 «Н» және 11«Н»  сыныптарының оқыту тілі-орыс.

Шаңырақ: 54 оқушыдан біріккен.

Әбілқас Сағынов (1915-2006) — Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.  Әбілқас Сағыновтың еңбегі мен оның ғылымға қосқан үлесі зор.

Оқу жылы барысында  «Абылкас Сагинов» атындағы шаңырақ оқушылары мектеп өміріне, мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында өтетін әр түрлі жарыстар мен сайыстарға (спорттық, зияткерлік, мәдени), НЗМ ұйымдастыратын әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие.