Тамызда өтетін дәстүрлі аймақтық секциялық отырыстар

27 тамыз Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9,10 сынып мұғалімдері үшін Қарағанды қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңартылған білім беру мазмұныны бойынша секциялық отырыстар өткізілді. Секция отырысына 700-ге жуық мұғалім, мектеп басшылары, АББ/ҚББ әдіскерлері және ПШО тренерлері қатысты.
Барлық пәндер бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 27 шеберлік-сыныптары өткізілді. Пәндік секцияларда оқу бағдарламалары және критериалды бағалау ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету ретінде әзірленген жүйелі-әдістемелік кешен жұмысы таныстырылды.
Мұғалімдерге қажетті материалдарды жүктеу үшін QR-кодтар «жүктеу аймағында» ұсынылды.