Тоғызқұмалақ ІІІ желілік спартакиадасы

3-6 қараша аралығында онлайн түрде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан III желілік спартакиадасы өтуде. Аталған жарыста Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын Аяжан Серік (9-сынып), Әділет Санатхан (10-сынып), Марғұлан Санат (7-сынып) және Томирис Танырбергенова (11-сынып) қорғайды.

Спартакиада PlayOk платформасында өтуде. Жарысқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 88 тоғызқұмалақ ойыншысы қатысуда.

– Мен тоғызқұмалақпен сегіз жасымнан айналысамын. Ол математикалық және логикалық ойлау қабілетін жақсартады. Назарбаев Зияткерлік мектебінде де тоғызқұмалақ үйірмесі барын біліп қуандым. Зияткер ретінде алғаш қатысып отырған спартакиада қабілетімді шыңдай түседі үміттенемін, – дейді 7-сынып оқушысы Марғұлан Санат.