Тірек мектептерге арналған шеберлік сабақтары: Саран қаласы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында қарағандылық NIS мұғалімдері Саран қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп педагогтарына шеберлік сабақтарын өткізді.

Шеберлік сабақтары оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауатын арттыруға қатысты болды.  Мұғалімдер әр оқушының әлеуетін арттырып, зерттеу машығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша тәжірибе алмасты.

– Шеберлік сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктері мен дағдыларының қалыптасуында тақырыпты практикамен байланыстырудың маңызын түсіндік. Көп маңызды ақпарат алдым, – деп бөлісті математика мұғалімі Айнұр Жаппарова.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған NIS жобалары және ақпараттық-кітапханалық ресурстар ұсынылды. Оқушылардың әл-ауқатына, соның ішінде буллинг мәселесі мен оның алдын алу стратегиясын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.