TEDxNIS Karaganda: ««Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын деп сұра»

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында TEDxNIS Karaganda конференциясы өтті. Онлайн шараның бұл жолғы тақырыбы Джон Кеннедидің «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын деп сұра» деген ой-толғамына қатысты болды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар патриотизм, елге қызмет ету сияқты түсініктерге қатысты ой бөлісті.

– Өз Отанын бар жүрегімен жақсы көретін адам ретінде, менің көзқарасымды бөлісетін адамдардың ойын тыңдау маған ерекше әсер сыйлады. Осындай конференциялар көптеген адамның бойында еліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятады деп сенемін. Меніңше, патриот болу – еліңнің болашағы үшін барыңды салуға дайын болу деген сөз, – дейді 8-сынып оқушысы Ясмина Ибрагимова.