Тәжірибе тарату

Саран қаласындағы №6 орта мектеп қабырғасында қалалық семинары
2019 жылдың 10 сәуірінде тәжірибе тарату бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, Назарбаев Зияткерлік мектебінің шығармашылық ұжымы қала мұғалімдеріне арналған Саран қаласындағы №6 орта мектеп қабырғасында ұйымдастырылған «Болашақтағы білім – бүгінгі күннің шындығы: орта мектепте STEM білімін беруді дамыту» атты семинарға қатысты. Қалалық семинарға қатысушылар үшін «Форсайт – Сессия» форматында кездесулер өткізілді: «I-TV6 Мектеп теледидары» ток-шоуы, “Атаулы Күндер” студиясы, “Жас химик” және “Жас биолог” – зерттеу зертханалары, I-TV6 мектеп теледидары, Астронавтика IT-фестиваліне, Start-up жобалар байқауы, TEDx форматында FRESHideas конференциясына арналған «NEWs» студиясы, «Білім беру квесты» білім берудің ойын түрлері өткізілді. Семинарда мектеп оқушыларының дайындық деңгейі мен шығармашылық ынталарын жоғары деңгейде көрсеткендіктерін атап өтті. Семинарға қатысушылары Форсайт Сессиясының стратегиясындағы топтарда жұмыс істеп, орта мектепте STEM білім беруді дамытудың әртүрлі әдістерін талқылады, STEM-нің іске асырылуы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Мектепке енгізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобалары, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебінің шығармашылық тобы семинарды жақсы ұйымдастырды, мектеп мұғалімдері кәсібиліктерін шыңдады. Семинарға қатысушылар сондай-ақ семинарда көргендерінен үлкен әсер алды және ұйымдастырушыларға пайдалы әрі қызықты тәжірибе үшін алғысын білдірді.