Түлектер аллеясы: Жақсы дәстүр жалғасуда

Осымен бесінші жыл Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жақсы дәстүр – «Түлектер аллеясына» жас көшеттер отырғызу науқаны жалғасып келеді.

Бүгін 12-сынып оқушылары қалыптасқан дәстүрді жалғап, мектеп аумағына жас шыршалар отырғызды. «Түлектер аллеясына» ағаш егу – қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, сонымен қатар мектепте білім алған зияткерлер жайлы жақсы естелік екені сөзсіз.

– Теңдессіз тәжірибе мен естеліктер сыйлап, бойыма пайдалы қабілеттерді дарытқан NIS менің екінші үйіме айналды. Бүгін біз отырғызған жас шырша – туған үйімдей болған мектебіме деген шынайы алғыс мен сүйіспеншілігімнің белгісіндей, – деп бөлісті жас түлек Дарын Кулькенов.