Отты жылдар ізі — отбасымда

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Отты жылдар ізі — отбасымда» жинағы жарық көрді. Аталған жинақ мектептегі «Мейірім көпірі» еріктілер клубының әлеуметтік-зерттеу жобасының нәтижесі.
— Жоба аясында оқушылар өзінің, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің отбасында ұмытылмас із қалдырған 1941-1945 жылғы соғыс деректерін зерттеп, майдангерлер мен тыл ардагерлері жайлы ақпарат жинады. Сонымен қатар еріктілер Қарағанды облысы Шахтинск қаласының «Қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-інде тұратын қарттардың естеліктерін жазып алды, — дейді жинақты құрастырушы, педагог-ұйымдастыршы-куратор Гульнара Сеитова.
Жоба жұмысы 2014 жылы басталып, әр жыл сайын жаңа деректер мен ақпараттарға толығып келеді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жаңа деректермен толықтырылған «Отты жылдар ізі — отбасымда» жинағын келесі сілтемеге өтіп, оқи аласыздар: