Шахматтан онлайн чемпионат жеңімпаздары

Қалалық мектеп оқушылары арасында шахматтан өткен онлайн чемпионат мәресіне жетті. Аталған сайыста Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы бақ сынасты.
Сайыс нәтижесі бойынша, 10 “В” сынып оқушысы Әлихан Тәбріз 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рапидтен бірінші орынға ие болды.
Ал 10 “А” сынып оқушысы Дариға Пирметова 15 жасқа дейінгі қыздар арасында классикалық шахматтан чемпион атанды.
– Шахматқа деген қызығушылық НЗМ-ге түскен кезде пайда болды, өйткені мұнда шахмат қосымша пән ретінде жүреді. Уақыт өте келе менің қызығушылығым артып, жаттығуларға көп уақыт бөле бастадым. Қазір сол ынта мен табанды жаттығулар түрлі турнирлерде жемісін беруде, – дейді Дариға.
Оқушыларды жеңістерімен құттықтап, оларға толағай табыс тілейміз!