Шаңырақ «Сарыарка»

2017-2018 оқу жылында «Сарыарқа» шаңырағында   43 оқушы бар.

Шаңырақтың ұраны:
«Білім үшін келдік біз,
Бәрін де біз жеңбекпіз.
Бірлігі бар ел озады,
Бірлігі жоқ ел тозады».
Бәріміз, жаңа шыңдарды бағындырып, бір шаңырақтың  астында өмір сүреміз, біз әрқашан татумыз, үлкендер кішілерге әрқашан қол ұшын береді.

Шаңырақ сағатында, таңғы жиында және мектепішілік іс-шараларда біз әрқашан біргеміз, өз өнерімізді, өз талантымызды, өз білімімізді тек шаңырақ үшін ғана емес жалпы мектептің жетістігі үшін де жұмсаймыз  деген қағидамен бірлесіп өмір сүріп келеміз.