Виртуалды мектеп

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 6-сынып оқушыларының назарына!

Виртуалды мектеп Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары үшін құрылған. Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының оқушыларын “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес бiлiм беру ұйымындағы конкурстық іріктеуге дайындау Виртуалды мектептің басты мақсаты болып табылады.

Виртуалды мектептің оқушысы болуыңыз үшін Сіз мектептің жұмыс тәртібімен, виртуалды мектептің жұмыс кестесімен танысуыңыз керек, сондай ақ тіркелуіңіз қажет.

Виртуалды мектепке қатысу жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына «Өркен» білім грантын тағайындау бойынша байқаудан өтуге дайындалуға мүмкіндік береді.

Виртуалды мектептен табысты өткен оқушылар (әр пәннен 50 % артық жауап бергендер) жазда каникулярлық мектепке шақырылады.

Іс-шараның аты  Уақыты 
6 сынып оқушыларының тіркелуі 2021 жылғы 11 қазаннан  24 желтоқсанға дейін
Пәндер бойынша оқыту, Ағымдағы бағалау тест тапсырмаларын орындау 2021 жылғы 25 қазаннан  24 желтоқсанға дейін
Қорытынды тестілеуден өту 2021 жылғы 17 қазаннан  24 желтоқсанға дейін