NIS ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары

26-30 қазан аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ғылыми жобалар бойынша республикалық конкурсы өтті. Онлайн форматта өткен байқауға Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 13 оқушысы қатысып, 10 түрлі жоба ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша 8 қарағандылық зияткер жеңімпаз атанды.

І орын иелері:

Фархат Нурланов, Ануар Дюсенбеков, 12-сынып оқушылары. Жоба: «Соққы сипаттамаларын анықтауға арналған балауыз және графит негізіндегі композиттік сенсор көмегімен баскетбол добын сынау», физика секциясы.

ІІ орын иелері:

Әлішер Өмірзақ, 12-сынып оқушысы. Жоба: «Айналма гомотетиялар композициясы», математика секциясы.

Сабина Амирханқызы, 11-сынып оқушысы. Жоба: «Қазақ мақал-мәтелдері мен математикалық функциялардың байланысы», қазақ әдебиеті секциясы.

ІІІ орын иелері:

Камила Оразбек, 11-сынып оқушысы. Жоба: «Білім беру процесінде толықтырылған шынайылық әдісін қолдану», информатика секциясы.

Ақмарал Дайрабай, Алтын Уалиева, 11-сынып оқушылары. Жоба: «Биоыдырайтын пластикті өндіру әдістері және оның қолданысы», химия секциясы.

Меңдіғаз Зейнолла, 9-сынып оқушысы. Жоба: «Cұйық азотты пайдалана отырып, бие сүтінен балмұздақ дайындау технологиясы», биология секциясы.

Оқушыларды жеңісімен құттықтап, толағай табыс тілейміз!